Қазақстан мен АҚШ стратегиялық әріптестікті нығайтудың жаңа бағыттарын талқылады

201

​ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері жөніндегі көмекшісі Пол Капурмен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қазақстан мен АҚШ стратегиялық әріптестікті нығайтудың жаңа бағыттарын талқылады Фото: gov.kz

Кездесу кезінде тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты байланысты одан әрі дамыту және кеңейтілген стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелерін қарастырды.

Ермек Көшербаев америкалық тарапқа Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы айтып, елдің дамуындағы жаңа кезеңге тоқталды. Сондай-ақ 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы жаңа конституциялық модельді жүзеге асырудағы маңызды қадамдардың бірі болатыны айтылды.

Пол Капур АҚШ-тың Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Тараптар энергетика, маңызды минералдар, цифрландыру, озық технологиялар, көлік және инвестиция салаларындағы бірлескен жобалардың әлеуетін талқылады.

Келіссөздерде су ресурстарын басқару мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ жанынан Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы сөз болды.

Сонымен қатар 2026 жылғы желтоқсанда Майамиде өтетін "G20" саммитіне дайындық барысы талқыланды. Мемлекет басшысы саммитке АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен қатысады. Осыған орай тараптар жоғары деңгейдегі кездесудің күн тәртібін мазмұнды қалыптастыру үшін жұмысты жалғастыруға ниетті екенін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу