Қазақстан мен АҚШ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықты нығайтуға келісті

1002

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Олжас Бектенов пен АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің Уақытша Сенімді өкілі Джуди Куон арасында кездесу өтті.

Қазақстан мен АҚШ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықты нығайтуға келісті

Тараптар елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды және АҚШ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне көмек көрсету бағдарламаларын талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Антикорға" сілтеме жасап.

Агенттік басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасында белгіленген басымдықтарға егжей-тегжейлі тоқталды.

Өз кезегінде АҚШ дипломаты Агенттіктің ашықтығын атап өтіп, ынтымақтастықты күшейтуге дайын екендігін білдірді.

Тараптар мемлекеттік сатып алулардағы сыбайлас жемқорлықты анықтау үшін жасанды интеллект жүйелерін әзірлеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тетіктерді әзірлеу мәселелерін талқылады.

Өткен жылы қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының негізгі мүдделерінің бірі деп тану туралы Меморандумды ескере отырып, америкалық тарап Қазақстандағы осы бағыттағы реформаларға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті. Бұл жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі биылғы жылдың мамыр айынан бастап агенттік қызметкерлерін оқытуды қамтитын екі жылдық жобаны іске асыру болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу