Қазақстан мен АҚШ тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін талқылады

148

Сонымен қатар жолаушылар мен жүк ағындарын алдын ала талдаудың озық тәжірибелерін қолдану мәселелері қаралды.

Қазақстан мен АҚШ тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін талқылады Фото: vecteezy.com

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл мәселе ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен АҚШ Кеден және шекара қызметі өкілінің кездесуінде талқыланды.

Көлік министрлігінде өткен кездесуге АҚШ Кеден және шекара қызметі Халықаралық істер басқармасы комиссары көмекшісінің орынбасары Аарон Митчелл қатысты.

ҚР Көлік министрлігі Telegram

Тараптар авиациялық және шекаралық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарастырды.

Сонымен қатар жолаушылар мен жүк ағындарын алдын ала талдау тәжірибесін енгізу, тексеру рәсімдерін жетілдіру және әуежайлардағы логистикалық процестерді оңтайландыру жайы сөз болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу