Қазақстан мен Алтай арасында бизнес-байланысты дамыту тауар айналымының өсуін ынталандырады

945

Қазақстан мен Алтай арасында бизнес-байланысты дамыту тауар айналымының өсуін ынталандырады

Қазақстан мен Алтай өлкесі арасында өзара тауар айналымын  екі аймақтың кәсіпкерлерінің қарым-қатынасын жолға қою арқылы  ынталандыру  қажет.  Алтай Тауар-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған бизнес-форумына қатысқан екі елдің кәсіпкерлері осындай шешімге келіп отыр.

"Қазір тауар айналымын арттыруда кәсіпкерлерге иек артылуда. В2В-байланыстар негізгі рөл атқара бастады.   Біздің кәсіпорындарымыз өлкенің ауыл шаруашылығы өндірушілерін жақсы таниды.  Өзге салаларда да өзара терең қарым-қатынастар  орнауы тиіс", – деді  Қазақстанның Омбыдағы консулы  Эльдар Қонаев, деп жазады "Интерфакс-Сибирь".

Консулдың айтуынша,  екі аймақтың тауар айналымы  алдыңғы жылдың  деңгейімен салыстырғанда 30%-ға төмендеп кеткен.  Алайда   шекараның екі жағына тасымалданған тауардың көлемі бұрынғы деңгейінде қалып отыр.  Атап айтқанда,  былтыр  өзара сауда-саттық деңгейі  277 млн долларды құрады,  оның  169 млн-ы  алтайлық кәсіпорындардың экспортына тиесілі.

"Өзара сауда-саттық  рубль мен теңгенің долларға шаққандағы бағамының төмендеуіне байланысты 33%-ға төмендеді.  Дегенмен  өзара тауар жеткізу көлемі 6%-ға ұлғайғаны байқалды", – деді  Алтай ТӨП Борис Чесноков.

Екі өңірдің өзара іс-қимылы Қазақстан мен Ресей арасындағы бірыңғай кедендік кеңістіктің арқасында жыл өткен сайын жеңілдеп келеді.

Бүгін,  8 қарашада өтіп жатқан бизнес-форумға Барнаулға Қазақстаннан  диагностикалық қондырғылар, сыр-бояу материалдары, пластикалық өнімдер, жылу өткізбейтін материалдар, алкогольсіз ішімдіктер өндірумен айналысатын  кәсіпорындардың өкілдері қатысып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу