Қазақстан мен Армения арасындағы рейстер қайта жанданды

968

Ереван және Ақтау – Ереван бағыттары бойынша әр бағыт бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен рейстер жаңартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қазақстан мен Армения арасындағы рейстер қайта жанданды

Мәселен, 2021 жылғы 25 маусымнан бастап "SCAT" авиакомпаниясы Ақтау және Ереван қалалары арасында CRJ-200 типті әуе кемесінде эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай кезең-кезеңімен ұлғайта отырып, аптасына 1 рейс жиілігімен тұрақты рейстерді орындауды жүзеге асырады.

Рейстерді қайта бастау Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 16 маусымдағы шешіміне сәйкес қабылданды.

Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу