Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбімен ұзындығы 370 км интернет оптикасын төсейді

204

Екі ел байланыс операторларының инвестициялары 23 млрд теңгеден асады.

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбімен ұзындығы 370 км интернет оптикасын төсейді Фото: Bizmedia.kz

Цифрлық Жібек жолын дамыту және Қазақстанды өңірлік цифрлық хабқа айналдыру үшін Ұлттық жоба шеңберінде 3 іс-шараны іске асыру көзделген, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Бірінші, Каспий теңізінің түбімен ұзындығы 370 км оптика төсеу. Қазақстан мен Әзербайжан байланыс операторларының инвестициялары 23 млрд теңгеден асады. Бүгін "Қазақтелеком" АҚ мен "Әзіртелеком" ЖШҚ арасында бірлескен кәсіпорын құрылып, су асты ТОБЖ жобалау және төсеу үшін мердігерді таңдау бойынша тендер аяқталуда", — деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Екінші, Қазақстан аумағы бойынша транзиттік трафикті ұлғайтуды көздейтін Батыс-Шығыс ұлттық гипермагистралінің құрылысы.

"Үшінші, транзит пен халықаралық трафикті сақтау үшін Tier-III деңгейінен төмен емес деректер орталығын салу. Аталған екі шара бойынша "Freedom telecom" ЖШС-нен ұсыныс түсті. Гипермагистральға өз инвестициялары 2025 жылдың соңына дейінгі мерзіммен 17 млрд теңгеден асады, ал 2027 жылдың соңына дейін іске асыру мерзімімен ДБО құрылысына – 90 млрд теңгеден асады", — деді Министр Үкімет отырысында.

Осы шаралардың барлығын іске асыру халықаралық деректер транзитінің баламалы бағытын және BigTech компанияларын (Google, Amazon, Microsoft) нарыққа тартуды қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу