Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі жақында іске қосылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, жаңа желі Еуропа мен Азия арасында жоғары өнімді деректерді өткізу арнасын құруы тиіс.
Жоба Каспий теңізінің түбімен магистральдық интернет-кабелін төсеуді көздейді. Оның ұзындығы шамамен 390 шақырымды құрайды.
Желі Қазақстандағы Ақтау мен Әзірбайжандағы Сумгаитті байланыстырады. Арнаның жарияланған максималды өткізу қабілеті – 400 Тбит/с дейін. Іске қосылғаннан кейін жаңа инфрақұрылым Каспий теңізі арқылы Азия мен Еуропа арасындағы баламалы цифрлық бағыттың бөлігіне айналады деп күтілуде.