Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы суасты кабель жобасы жалғасуда

388

Ірі және ауыр салмақты жүк үш мамандандырылған көліктен тұратын автоколоннамен жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы суасты кабель жобасы жалғасуда Фото: ҚТЖ

Құрық портында "Әзірбайжан-Қазақстан Теңіз Кабельдік Жүйесі" (Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System) стратегиялық жобасы шеңберінде суасты талшықты-оптикалық кабель партиясын қабылдау бойынша операция сәтті жүргізілді.

Портта транскаспий цифрлық инфрақұрылымын салу үшін алдағы уақытта Әзірбайжан Республикасына жөнелтілетін жабдықтарды қабылдау және өңдеу бойынша жұмыстар орындалды.

Жобаны іске асыру халықаралық телекоммуникациялық дәліздерді дамытуға, Азия мен Еуропа арасындағы цифрлық байланысты нығайтуға, сондай-ақ еуразиялық кеңістікте деректерді беру арналарының сенімділігі мен өткізу қабілетін арттыруға бағытталған.

Құрық порты Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға және Қазақстанның Шығыс пен Батыс арасындағы негізгі транзиттік торап ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал ете отырып, ірі халықаралық инфрақұрылымдық жобаларды көліктік-логистикалық қолдауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруды жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу