Қазақстан мен Әзірбайжан "Баку-Супса" құбыры арқылы мұнай тасымалдауды талқылады

650

Қазақстан мұнайын "Баку-Супса" құбыры арқылы тасымалдау туралы келіссөздер 2022 жылдан бері жүргізіліп келеді.  

Қазақстан мен Әзірбайжан "Баку-Супса" құбыры арқылы мұнай тасымалдауды талқылады Фото: petrocouncil.kz

Бұл маршрут Қазақстан мұнайын Батысқа жеткізудің жаңа арнасы бола алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Әзірбайжан БАҚ-на берген сұхбатында Астана SOCAR компаниясымен бұл маршруттың жұмысын қалпына келтіру туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.

Қазіргі таңда негізгі экспорт Каспий құбыр консорциумы арқылы Новороссийск қаласына жіберіледі. Алайда "Баку-Супса" құбыры іске қосылса, транзит жеңілдейді: мұнай бөлек құбырмен Грузияның Супса портына жеткізіледі.

Себебі бұл екі мұнайдың сапасы әр түрлі – Қазақстан мұнайы ауыр және күкірт мөлшері жоғары. Құбырдың жылдық өткізу қабілеті 7 миллион тоннадан асады, сондықтан тиімді жұмыс істеу үшін Қазақстан мұнайын үлкен көлемде сатып алатын жаңа келісімшарттар қажет.

Ақкенженовтың сөзінше, Батыс бағытындағы әлеует зор және қазақстандық мұнайшылар әзірбайжандық әріптестерімен үнемі байланыста.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу