Қазақстан мен Беларусь денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтпақ

147

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан мен Беларусь денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтпақ Фото: ДСМ

ДСМ басшысы Ақмарал Әлназарова Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Богдановпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрлік мәлім еткендей, тараптар әріптестіктің стратегиялық сипатын растап, жоғары медициналық технологиялар, фармацевтика, цифрлық шешімдер және медициналық білім беру саласындағы өзара іс-қимылды талқылады. 

Басымдықтардың қатарында – жетекші қазақстандық клиникалардың базасында медициналық туризмді, оның ішінде: кардиохирургия, трансплантология және нейрохирургия бағыттары бойынша дамыту бар. 

Дәрілік заттарды тіркеу және фармацевтикалық өнімдердің бағасын реттеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Баға белгілеудің және халықаралық стандарттарды қолданудың ашық тетіктерінің қажеттілігі атап өтілді.

Сондай-ақ, екі елдің бейінді оқу орындарының базасында тәжірибе алмасу, бірлескен оқыту іс-шараларын өткізу және медицина кадрларын даярлау мәселелері қаралды.

"Біз Беларусь Республикасымен ынтымақтастыққа үлкен мән береміз және медициналық көмектің сапасын одан әрі арттыру үшін білім мен озық тәжірибелермен алмасуға дайынбыз", – деп атап өтті Әлназарова.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар үкіметаралық комиссияның уағдаластықтары шеңберінде бірлескен жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ТМД мен ШЫҰ-ны қоса алғанда, халықаралық ұйымдардың алаңдарында өзара іс-қимылға мүдделілігін растады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу