Қазақстан мен Беларусь мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жөнінде келісімге келді

881

Қазақстан мен Беларусь елдерінің Үкіметтері мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды іnbusiness.kz порталы "СБ. Беларусь сегодня" ақпарат көзіне сілтеме жасап. 

Қазақстан мен Беларусь мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жөнінде келісімге келді

"Бүгін Нұр-Сұлтанда келіссөздердің нәтижесі бойынша Қазақстанның Үкімет басшысы Асқар Мамин мен Беларусьтың премьер-министрі Роман Головченко Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасында Беларусь Республикасына мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу туралы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды", – деп хабарлады. 

Жуық арада екі елдің шаруашылық субъектілері деңгейінде мұнайдың нақты көлемі, жеткізу мерзімі жөнінде талқылау жүргізілмек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу