Қазақстан мен Беларусь стратегиялық әріптестікті нығайтуға келісті

272

Ведомстволар 2027–2028 жылдарға арналған жоспарға қол қойды.

Қазақстан мен Беларусь стратегиялық әріптестікті нығайтуға келісті Фото: gov.kz

Қазақстан мен Беларусь саяси диалогты нығайтып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ниетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы 4 қарашада Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаевтың Беларусь Сыртқы істер министрі Максим Рыженковпен кездесуінде айтылды.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастың қазіргі даму қарқынын оң бағалап, өзара тиімді ынтымақтастықты барлық бағыт бойынша жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді.

Сол күні Қазақстан мен Беларусь сыртқы істер министрлері орынбасарларының деңгейінде саяси консультациялар өтті. Ермұхамбет Қоныспаев пен Павел Утюпин екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы 2027–2028 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту үшін сыртқы саяси ведомстволар арасындағы байланысты жалғастыруға дайын екенін растады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу