Тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық салалар бойынша байланыстарды жалғастыруға келісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Босния және Герцеговинаның Қазақстанға жаңадан тағайындалған елшісі қызметін қоса атқарушысы Иван Орличтен сенім грамотасының көшірмесін қабылдады.
А.Исетов Босния және Герцоговина дипломатын тағайындалуымен құттықтап, оның қызметі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.
"Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады. Елші И.Орлич жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Астана мен Сараево арасындағы қарым-қатынастарды дамыту үшін күш-жігерін жұмсауға әзірлігін растады", – делінген хабарламада.