Қазақстан мен ЕО энергетика және климат бойынша ынтымақтастықты күшейтуде

109

Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша "Қазақстан – Еуропалық Одақ" кіші комитетінің 9-шы отырысы өтті.   

Қазақстан мен ЕО энергетика және климат бойынша ынтымақтастықты күшейтуде Фото: Энергетика министрлігі

Қазақстан тарапынан отырысқа ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов, ал ЕО тарапынан Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің Орталық Азия бөлімінің басшысы Дитмар Крисслер тең төрағалық етті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Кездесу барысында тараптар энергетика секторындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылады.
Отырысты ашқан Санжар Жаркешов Қазақстанның Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестігі жаһандық энергетикалық диалогты дамытуда және тараптар арасындағы ұзақ мерзімді байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Жиында шикізаттың, аккумуляторлардың және жаңартылатын сутегінің тұрақты құн тізбегін құру саласындағы стратегиялық серіктестік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан жаңартылатын энергетиканы белсенді дамытып келеді және 2030 жылға қарай ЖЭК үлесін 15%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, тараптар Орталық Азиядағы энергия жүйелерінің өңірлік өзара байланысын және электр энергиясы саудасын дамытуды, газ инфрақұрылымы саласындағы ықпалдастықты және Қазақстанның өңірлік энергетикалық жобаларға, соның ішінде Қамбар ата-1 ГЭС-ін салу жөніндегі "Өзбекстан – Қазақстан – Қырғызстан" консорциумына қатысуын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Энергетика министрлігінің Еуропалық Одақпен бірлескен энергетикалық жобаларды іске асыруда белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайындығы расталды. Қабылданған шешімдер екіжақты энергетикалық іс-қимылға қосымша серпін беретіні атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу