Қазақстан мен Эстония агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

168

2025 жылы Балтық елдерінің порттары арқылы астық экспорты алты еседен астам өсіп, 802 мың тоннаға жетті. 

Қазақстан мен Эстония агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде Фото: АШМ

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы бастаған делегация жұмыс сапарымен Эстония Республикасына барды. Делегация құрамына облыс әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ отандық аграрлық және экспортқа бағытталған компаниялардың өкілдері кірді, деп хабарлайжы inbusiness.kz сайты.

Жұмыс сапары Мемлекет басшысының Эстониямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Делегация мүшелері Эстонияның порттық инфрақұрылымымен, оның ішінде Таллин және Силламяэ порттарымен, сондай-ақ астық терминалдарымен танысты. Эстония бизнесі мен логистикалық компанияларының өкілдерімен келіссөздер жүргізілді.

Келіссөздер барысында Балтық бағытын Қазақстан астығы мен майлы дақылдарын Солтүстік Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка нарықтарына экспорттаудың негізгі бағыттарының бірі ретінде пайдалану перспективаларына ерекше назар аударылды.

Мууга портының басшылығымен өткен кездесуде тараптар тұрақты әрі болжамды экспорттық маршруттарды қалыптастыру мәселелерін талқылады.

"Қазақстан үшін Мууга порты тұрақты экспорттық маршруттарды қалыптастырудағы маңызды буын. Біз аталған көлік дәлізін жүйелі түрде дамытуға және қазақстандық аграрлық өнімдерді жеткізу үшін болжамды жағдайлар жасауға мүдделіміз. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 2025 жылы Балтық елдерінің порттары арқылы астық экспорты алты еседен астам өсіп, 802 мың тоннаға жетті. Бұл экспорт бағыттарын әртараптандыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін растайды", – деп атап өтті Ермек Кенжеханұлы.

Эстония және скандинавиялық трейдерлермен өткен келіссөздердің негізгі тақырыптары өзара сауда көлемін ұлғайту, тұрақты логистикалық тізбектерді дамыту және ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау болды.

Кездесулердің жеке блогы мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа арналды. Эстонияның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Эстонияның асыл тұқымды ірі қара мал қауымдастығы өкілдерімен өткен кездесуде бұрын қол жеткізілген келісімдерді іске асыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, генетика және селекция саласындағы тәжірибе алмасу, ветеринариялық технологияларды дамыту, Қазақстанға асыл тұқымды мал импорттау перспективалары қарастырылды.

Тараптар агроөнеркәсіп саласындағы әріптестікті одан әрі кеңейтуге, логистикалық бағыттарды дамытуға, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға, АӨК-ті цифрландыруға және Қазақстан мен Эстония арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға өзара мүдделілігін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу