Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы импорт көлемі қысқарды

411

Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы импорт көлемі 9,3%-ға қысқарды.   

Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы импорт көлемі қысқарды Фото: gov.kz

Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы импорт көлемі 9,3%-ға қысқарды. Керісінше, экспорт 9,5 пайызға өсті.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, одақ елдерінен елімізге көбіне металл, металдан жасалған бұйымдар мен көлік жабдықтары жеткізілген. Дәл солай Қазақстаннан сыртқа химия және өнеркәсіп саласына қажетті тауарлар жіберілген.

Жалпы еліміз бен одақ елдері арасындағы сауда айналымы 28 млн доллардан асты. Алыс берістің 91 пайызы - Ресейге, 5,5 пайызы - Қырғызстанға, 3,2 пайызы - Беларусь еліне, 0,2 пайызы - Арменияға тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу