Қазақстан мен Финляндия арасындағы тауар айналымының өсімі 7,8%-ды құрады

254

Елдер сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Финляндия Үкіметаралық Комиссиясының 13-ші отырысына дайындалып жатыр. 

Қазақстан мен Финляндия арасындағы тауар айналымының өсімі 7,8%-ды құрады Фото: pixabay.com

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Финляндияға сапары барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Финляндия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Астана мен Хельсинки арасындағы, соның ішінде көпжақты деңгейде тығыз диалогты қолдаудың қажеттігін атап өтіп,  Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды серіктес екеніне назар аударды.

Финляндияға сапар барысында Роман Василенко Финляндия Республикасы Парламенті Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Киммо Кильюненмен екіжақты және көпжақты деңгейде парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқыға салды.

Айта кетсек, Министрдің орынбасары жақында Финляндияның Парламентінде Қазақстан Республикасымен "достық тобының" құрылуы екіжақты парламентаралық диалогын жаңа сапалы деңгейге шығаруға ықпал ететініне мән берді.

Сондай-ақ, Киммо Кильюнен Қазақстан заңнамашыларымен байланыстарды жандандыруға мүдделі екенін және екіжақты сапарларды ынталандыру мен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ФР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық сауда министрінің орынбасары Ярно Сюрьялямен кездесті. Кездесуде тараптар елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Роман Василенко сауда-экономикалық байланыстар дамуының оң динамикасын атап өтіп, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 2023 жылғы қаңтар-қазан аралығында өзара тауар айналымының 7,8% - ға өскенін хабарлады.

Осы тұрғыда тараптар Қазақстан-Финляндия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының маңызды рөлін атап өтіп, 2024 жылғы сәуірде Астанада Үкіметаралық Комиссиясының кезекті 13-ші отырысын ұйымдастыру энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және өзара тиімді әріптестіктің басқа да салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге маңызды серпін беретініне сенім білдірді.

Бұдан бөлек, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Хельсинкидегі Александр институтының директоры Маркку Кангаспуромен кездесті. Кездесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік саясаттың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу