Қазақстан мен Франция атом энергетикасы бойынша ынтымақтастықты күшейтеді

265

Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан мен Франция атом энергетикасы бойынша ынтымақтастықты күшейтеді Фото: gov.kz

Қазақстан мен Франция арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісім аясында 28-29 шілде күндері Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі екіжақты комитеттің отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Комитеттің мақсаты – ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықтың іске асырылу барысын қарастыру, сондай-ақ оны одан әрі дамыту перспективаларын айқындау.

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Францияның Еуропа және сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барромен, сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық жөніндегі министр-делегат Николя Фориссьемен, сондай-ақ Атом энергиясы және баламалы энергия көздері жөніндегі комиссариаттың (CEA) бас директоры Анн-Изабель Этьенврмен кездесті.

Қазақстан мен Франция өзара тиімді стратегиялық әріптестікке негізделген энергетика саласындағы ынтымақтастықтың берік әрі ұзақ мерзімді сипатын растады.

Анықтама: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 5 қарашада Франция Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту туралы Бірлескен декларацияға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу