Қазақстан мен Франция білім беру ұйымдарында француз тілін оқытуға уағдаласты

409

Қос тарап осыған қатысты 6 құжатқа қол қойды.

Қазақстан мен Франция білім беру ұйымдарында француз тілін оқытуға уағдаласты Фото: akorda.kz

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Франция басшылары Бірлескен мәлімдеме жасады және екі елдің ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстанда Француз даму агенттігі тобын құру және оның жұмыс істеуі туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында халықаралық (француз) мектептер ашуға және Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында француз тілін оқытуға қатысты келісім;

3. Франция мен Қазақстан арасындағы стратегиялық пайдалы қазбалар бойынша ынтымақтастық туралы бірлескен ниет декларациясы;

4. "QazBioPharm "ҰХ" АҚ мен Boehringer Ingelheim Animal Health France компаниясы арасында Қазақстан Республикасында аусылға қарсы вакцинаны жергілікті өндіру бойынша ынтымақтастық, лицензия және жеткізу туралы келісім; 

5. Энергияны жинақтау жүйесі бар, жиынтық қуаты 1 ГВт жел электр станцияларын салу жобасы бойынша бірлескен кәсіпорын туралы келісім;

6. "Қазақстан Республикасында теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрамды, сондай-ақ теміржол техникасының қосалқы бөлшектерін өндіру және оларға сервистік қызмет көрсету" жобасын іске асыру жөніндегі инвестициялар туралы келісім.

Еске сала кетсек, Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу