Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында бірқатар құжаттарға қол қойылды.
Құжаттар тізімі:
- Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
 - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық экономика және климат министрлігі арасындағы Қазақстаннан кәсіпорындар басшыларының біліктілігін арттыру жөніндегі ынтымақтастық жөніндегі ниеттер туралы бірлескен мәлімдеме;
 - Ұлттық геологиялық қызмет пен федералдық геологиялық ғылымдар және табиғи ресурстар институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
 - Жамбыл облысы әкімдігі мен "Кнауф Гипс Тараз" ЖШС арасында гипсокартон парақтары мен құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы келісім;
 - Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтын құру туралы келісім;
 - "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ мен "Rhenus SE & Co.KG" арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
 - "DВ Engineering & Consulting GmbH" және "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ арасындағы жолаушылар тасымалы және көлік-логистика саласындағы әріптестікті дамыту туралы келісім;
 - "Siemens" технологиясы бойынша ҚР энергетика саласы үшін кернеудің орта класты тарату құрылғыларының өндірісін оқшаулау туралы шарт;
 - Сирек жер металдар қазбаларына геологиялық барлау және оларды қайта өңдеу жөніндегі бірлескен қызмет туралы келісім.
 
Еске салайық, осыған дейін Ақтауда қазақ-неміс инжиниринг институты ашылатынын жазған болатынбыз.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу