Қазақстан мен Грузия арасындағы сыртқы сауда айналымы 39,1 пайызға артты

1163

Қазақстан мен Грузия арасындағы сыртқы сауда айналымы 39,1 пайызға артты

2017 жылдың 6 қазаны күні Тбилиси (Грузия) қаласында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузин үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы өтті.

Қазақстандық тарапты ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, грузиялық тарапты Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Георгий Гахария басқарды, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі. 

Тараптар Үкіметаралық комиссия екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайтын және шешетін алаң болғанын атап өтті. Қол жеткізілген келісімдер үкіметаралық құжаттар мен бірлескен іс-шараларда айқын көрініс тауып отыр.

Үкіметаралық кеңес отырысында сауда, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, ақпараттық технология мен инновация, ғылым, туризм, денсаулық сақтау, электронды өнеркәсіп және тағы басқа да салалар бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Тараптар 2017 жылы өзара сауда өсімінде оң динамика байқалғанын атап өтті. 2017 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грузия арасындағы сыртқы сауда айналым 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,1%-ға артып, 32,4 млн. АҚШ долларын құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу