Қазақстан мен Грузия волонтерлік жобалар мен кинофильмдер алмасуды жоспарлап отыр

302

Тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы қазақ-грузин ынтымақтастығының перспективаларын талқылап, екі ел арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың әлеуеті зор екенін атап өтті. 

Қазақстан мен Грузия волонтерлік жобалар мен кинофильмдер алмасуды жоспарлап отыр Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Аида Балаеваның айтуынша, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық түрлі бағыттар бойынша белсенді дамып келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Қазақстан мен Грузия арасындағы мәдени ынтымақтастықтың болашағын талқылауға мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Біз мәдениет, кино, театр, музыка өнері, сондай-ақ музей, архив және кітапхана ісі салаларында өзара тиімді әріптестікке ашықпыз", – деді министр.

Кездесу барысында ынтымақтастықтың өзге де бағыттары сөз болды. Атап айтқанда, волонтерлік қызмет саласындағы ықтимал жобалар мен Қазақстан мен Грузия телеарналары арасында кинопродукция алмасу мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде Грузия Елшісі екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністік қағидаттарына негізделген көпжақты ынтымақтастықты кезең-кезеңімен дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу