Қазақстан мен Иордания арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

149

Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді.  

Қазақстан мен Иордания арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін Фото: shutterstock.com

Қазір Қазақстан мен Иордания арасында тікелей әуе рейсін ашу мәселесі пысықталып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Келіссөздер жүргізіп жатқан бірнеше бағытымыз бар. Бұл бағыттар бойынша әзірге нақты келісімдер жоқ. Бір жағынан Иорданияның көлік-логистикалық әлеуетін мұқият зерттеп жатырмыз. Екінші жағынан егер бұл коммерциялық тұрғыдан тиімді болатындай жолаушылар ағыны қалыптасатын болса, онда келесі жылдың бірінші жартысында Қазақстан мен Иордания арасында тікелей әуе рейсін ашу мәселесін қарастырамыз, – деді Нұрлан Жақыпов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу