Қазақстан мен Иордания тікелей әуе рейсін ашу мүмкіндігін қарастыруда

104

Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай Иорданияның Көлік министрі Нидал Мурди Абдулла Катаминмен кездесті.

Қазақстан мен Иордания тікелей әуе рейсін ашу мүмкіндігін қарастыруда Фото: qbp-holding.kz

Кездесу барысында тараптар көлік-логистика саласындағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын дамыту мәселелерін және екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады. Сұхбаттастар саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтіп, серіктестікті әрі қарай нығайтуға өзара мүдделілікті растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен Иордания арасында әуе қатынасын ашу мәселесін пысықтаумен қатар, жоғары деңгейінде бұдан бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Көлік инфрақұрылымы мен логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің, оның ішінде Орталық Азия мен Таяу Шығыс арасындағы халықаралық көлік дәліздерін дамытудың маңыздылығы аталып өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мақсатында салалық ведомстволар желісі бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу