Қазақстан мен Иран Каспий арқылы жүк тасымалын күшейтпек

228

Бүгін Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында "Порт Құрық" ЖШС-не Иран Ислам Республикасының Жолдар және қала құрылысы министрі Фарзане Садек ханым келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан мен Иран Каспий арқылы жүк тасымалын күшейтпек Фото: ҚТЖ

"Құрық порты" ЖШС Бас директоры Еркін Нығметов Иран делегациясына порттың инфрақұрылымын таныстырды, сондай-ақ оның ағымдағы операциялық мүмкіндіктері мен одан әрі даму перспективалары туралы айтып берді.

"Кездесу барысында тараптар көліктік-логистикалық өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, өзара сауда көлемін ұлғайту және транскаспий маршруттарын дамыту мәселелерін талқылады. Мультимодальды тасымалдардың тиімділігін арттыруға және халықаралық жеткізу тізбегіндегі Құрық портының рөлін нығайтуға ерекше назар аударылды", – делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі дамытуға және теңіз бен порт инфрақұрылымы саласындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу