banner

Қазақстан мен Иран саудадағы кедергілерді жоюға ниетті

1048

Қос тарап сауда, экономика және инвестициялар, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, банк ісі салалардағы ынтымақтастық мәселесін талқылады. 

Қазақстан мен Иран саудадағы кедергілерді жоюға ниетті

Тегеранда Премьер-министрдің  орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ИИР Ауыл шаруашылығы министрі Сейед Джавад Садати Нежадтың тең төрағалығымен Қазақстан-Иран Үкіметаралық комиссиясының 17-отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы primeministerm.kz-ке сілтеме жасап.

Отырыс кезінде Қазақстан Иранға үкіметаралық процестерді айналып өтіп, қос елдің бизнесі арасында диалог орнатуға мүмкіндік беретін Қазақстан-Иран іскерлік кеңесін құруды ұсынды. 

Сауда ынтымақтастығын кеңейту шеңберінде Қазақстан мен Иран саудаға кедергі келтіретін тосқауылдарды жою бойынша тұрақты негізде жұмыс істеуге және экспорттаушы кәсіпорындарға қолдау көрсетуге мүдделілігін растады.

Бақыт Сұлтанов Иран тарапына әлеуетті экспорттық тауарлар тізбесімен алмасуды ұсынды. 

"Біздің есептеулеріміз бойынша болашақта қазақстандық компаниялар Иран нарығына 162,3 млн доллар сомасына түрлі салалардың 60 өңделген тауарларын жеткізуге дайын, бұл металлургия, тамақ, машина жасау, химия, фармацевтика салаларының өнімдері, құрылыс тауарлары", – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Отырыста қазақстандық ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерінің Иран нарығына қолжетімділігі мәселесі талқыланды.

Сөз Иранға өнім импортына рұқсаттарды бекіту, Иранның халал талаптарына сәйкес сертификаттауға қолдау көрсету туралы болып отыр. 

Ветеринариялық және фитосанитариялық шаралар саласында тұрақты ақпарат алмасуды жүргізу, сондай-ақ сауда рәсімдерін жеңілдетуге жәрдемдесу туралы шешім қабылданды.

Тегеран Иранның ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарлары (жемістер, көкөністер, кептірілген жаңғақтар және тағы басқа) Қазақстан нарығына экспортын қолдау туралы өтінішпен жүгінді.

ҮАК барысында Қазақстан мен Иран Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды:
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті және Иран ұлттық стандарттау ұйымы;

- ҚР Ұлттық аккредиттеу орталығы және ИИР Ұлттық аккредиттеу орталығы;

- Қазақстан стандарттау және метрология институты (Қазстандарт) және Иран ұлттық стандарттау ұйымы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу