Қазақстан мен Иран жеңіл атлетика федерациялары меморандумға қол қойды

983

Асхат Сейсембеков Иран жеңіл атлетика федерациясының басшысы Маджид Кейханимен кездесті.

Қазақстан мен Иран жеңіл атлетика федерациялары меморандумға қол қойды

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембеков пен Иран жеңіл атлетика федерациясының басшысы Маджид Кейхани кездесу өткізіп, тараптар әріптестік туралы меморандумға қол қойды, деп жазады Olympic.kz. 

Ресми құжат аясында бас хатшы мен Иран Федерациясының президенті екі елдің жеңіл атлетика саласындағы қарым-қатынасты дамытып, меморандумды жүзеге асыру жолдарын қарастырды. 

Асхат Сейсембековтің айтуынша, аталған келісім екі ел үшін стратегиялық маңызды әрі тиімді саналады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу