Қазақстан мен Испания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты талқылады

114

Тараптар ядролық қауіпсіздік пен мемлекеттік реттеу салаларындағы тәжірибе алмасу бағыттарын талқылады.

Қазақстан мен Испания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты талқылады Фото: gov.kz

Қазақстан мен Испания атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

15 қыркүйекте Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас конференциясы аясында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің өкілдері Испанияның Ядролық қауіпсіздік кеңесінің президентімен кездесті.

Кездесуде атом энергетикасы саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары қарастырылды. Тараптар ядролық және радиациялық қауіпсіздік, атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу, тәжірибе және сараптамалық білім алмасу мәселелеріне назар аударды.

Сондай-ақ екі елдің бейінді ұйымдары арасындағы кәсіби байланыстарды дамыту және атом саласының қауіпсіз әрі орнықты дамуын қамтамасыз етудегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты диалогты жалғастыруға және өзара мүдделі бағыттар бойынша ынтымақтастықтың практикалық тетіктерін қарастыруға ниетті екенін білдірді.

Кездесу Қазақстан мен Испанияның бейінді ведомстволары арасында жұмыс байланыстарын орнатудағы маңызды қадам болды және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға негіз қалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу