Қазақстан мен Қатар инвестицияларды өзара қорғайтын болады

268

Бүгінде қатарлық инвесторлар 1,3 млрд долларға тең жобаларды қарап жатыр. 

Қазақстан мен Қатар инвестицияларды өзара қорғайтын болады Фото: Қорғаныс министрлігі

Сенат депутаттары Мәжіліс қабылдаған "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сенатор Бибігүл Жексенбайдың айтуынша, келісім елдердің өзара әділ және тең құқылы инвестициялық режимін ұсынуға бағытталған.

"Бұл Келісім екіжақтың тығыз экономикалық ынтымақтастығын арттырып, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру және екі мемлекеттің де әл-ауқатын жақсарту үшін қолайлы жағдайлар туғызады. Келісімнің мақсаты – әр тарапқа қолайлы жағдай жасап, тең құқықты режимді реттеп қана қоймай, сонымен қатар ұлттық заңнамаға және халықаралық құқыққа сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Соңғы жылдары Қатармен екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтеріп, Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыру бойынша маңызды жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Бүгінде екі елдің ұлттық компаниялары мен жеке секторлары арасындағы байланыс нығайып, экономиканың әртүрлі секторларында бірқатар маңызды жоба жүзеге асып жатыр.

"Қазіргі таңда қатарлық компаниялардың инвестициялық жобалар тізіміне 1 млрд 356 млн доллар сомасын құрайтын 14 жоба кіреді. Оның ішінде 20 млн доллар құрайтын 3 жоба жүзеге асып, 103 млн доллар соммасындағы 2 жоба қолға алынды", - деп қорытындылады Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу