Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кения Президенті Уильям Руто Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттер басшыларына музей экспозициясы мен ЖИ-кинотеатрын көрсетіп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы туралы мәлімет берді.
Президенттерге Astana Smart City жүйесі және оның бейнеталдау, қоғамдық қауіпсіздік, көлік ағыны мен қалалық қызметтерді онлайн режимде үйлестіру салаларындағы мүмкіндіктері баяндалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу