Қазақстан мен Кипр қылмыскерлерді өзара ұстап беретін болды

406

Бүгінгі таңда Қазақстан 21 елмен осындай екіжақты келісімге қол қойған. 

Қазақстан мен Кипр қылмыскерлерді өзара ұстап беретін болды Фото: InternationalWealth.info

Сенат "Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы" Заңын мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz. 

Заңның міндеті – былтыр 20 қазанда Никосияда жасалған Қазақстан мен Кипр арасындағы ұстап беру туралы ратификациялау.

Сенаторлардың сөзінше, шарт халықаралық құқықтың қағидаттарына және екі ел арасындағы стратегиялық интымақтастық бағыттарына сәйкес келеді.  

"Шарт іздестіріліп жатқан адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін оларды екі мемлекет арасында экстрадициялау мәселелерін регламенттейді. Адамдарды ұстап беру, ұстап беруді кейінге қалдыру немесе уақытша ұстап беру шарттары мен рәсімі айқындалған. Ұстап беруден бас тарту үшін міндетті және факультативтік негіздер белгіленген, ұстап беру туралы сұрау салу және қажетті құжаттар көзделген", - делінген хабарламада. 

Шартта ұстап беруден бас тарту үшін міндетті және факультативтік негіздер белгіленген.

Егер:

- ұстап беру сұратуға себеп болған қылмыс сұрау салынатын уағдаласушы мемлекеттің аумағында жасалса және оның юрисдикциясына жатса және іздестіріліп жатқан адам дәл сол қылмыс үшін аталған мемлекетте тергеуде болса және оның құзыретті органдары оны сот тәртібімен қудалайтын болса;

- қылмыстың ауырлық дәрежесін және сұрау салушы уағдаласушы мемлекеттің мүдделерін ескере отырып, ұстап беру іздестіріліп жатқан адамның жасына, денсаулығына немесе өзге де жеке басының мән-жайларына орай ізгілік түсініктерімен үйлеспесе;

- оған қатысты ұстап беру туралы сұрау салу түскен қылмыс сұрау салынатын уағдаласушы мемлекеттің аумағынан тыс жерде жасалса, бірақ оның мүдделеріне қарсы бағытталса, шартпен ұстап беруден бас тартылуы мүмкін.

Бұдан бөлек уағдаласушы мемлекеттердің өз азаматтарын ұстап беруге жол берілмейтіндігі де айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу