banner

Қазақстан мен Корея денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

1029

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларға стратегиялық дамыту туралы шешім қабылдады.  

Қазақстан мен Корея денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-сок мырзамен онлайн-кеңес өткізді, деп хабарлайды  ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар екі елдегі эпидемиологиялық жағдайды, пандемияның даму ерекшеліктерін және коронавирус жұқтырған пациенттерге медициналық көмек көрсету, Қазақстан мен Кореяның ынтымақтастығына қатысты өзекті мәселелерді, оның ішінде денсаулық сақтау, медициналық білім және ғылым саласындағы тәжірибе мен білім алмасуды талқылады.

Корей тарапы COVID-9 қарсы күрестегі тәжірибесімен және инфекциялық аурулардың болашақта өршіп кетуіне жол бермеу қою үшін денсаулық сақтау жүйесін нығайту бойынша шараларды бөлісті.

Алексей Цойдың айтуынша, халықаралық ынтымақтастық пен өзара қолдау COVID-19 қарсы күресте үлкен маңызға ие. Кореяның коронавируспен күресте тәжірибесі мол, сондықтан ынтымақтастық пандемияға байланысты туындаған бірқатар проблеманы шешуге, әсіресе COVID-19 бақылау ісінде білім мен озық практика алмасуға көмектеседі.

Кездесу қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан-Корей ынтымақтастығын одан әрі дамыту, атап айтқанда COVID-19 бойынша әдіснама, жағдайды болжау, модельдеу және т. б. бойынша онлайн режимде мамандарды оқыту семинарларын өткізу жөніндегі уағдаластыққа қол жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу