Қазақстан мен Кувейт арасында әуе рейстері ашылады

840

Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді. 

Қазақстан мен Кувейт арасында әуе рейстері ашылады

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Кувейттің "Jazeera Airways" әуе компаниясы Алматы мен Эль-Кувейт қалалары арасында аптасына 2 рет (сәрсенбі және жексенбі) тұрақты рейстер орындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz  ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Аталған шешім екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу