Қазақстан мен Кувейт cыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

85

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Кувейт Мемлекетінің Сыртқы істер министрі шейх Жаррах Жабер әл-Ахмад Ас-Сабахпен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен Кувейт cыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады Фото: canva

Сұхбат барысында тараптар аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай жөнінде пікір алмасты.

Е.Көшербаев өңірдегі қауіпті әскери эскалацияға байланысты алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның ұстанымын жеткізді және қақтығысты халықаралық құқық қағидаттарына сай дипломатиялық жолмен реттеудің маңыздылығын атап өтті.

Сұхбат нәтижесінде саяси ведомстволар басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға бейілділігін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу