Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

360

​Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі Кудайберген Базарбаевпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды Фото: Сыртқы істер министрлігі

Кездесу кезінде екі ел арасындағы саяси байланыстар, сауда-экономикалық әріптестік, су-энергетика саласындағы өзара іс-қимыл және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері сөз болды.

Министр Қазақстан Қырғызстанмен достық және тату көршілік қатынастарды сақтап, одақтастық байланыстарды одан әрі дамытуға мүдделі екенін айтты.

Өз кезегінде Кудайберген Базарбаев Бішкектің Астанамен одақтастық қатынастарды нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Елші екі мемлекет басшылары белгілеген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.

Тараптар сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Қазақстан мен Қырғызстанның халықаралық және көпжақты ұйымдар аясындағы өзара қолдауды жалғастыруға дайын екені айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу