Қазақстан мен Қытай агроөнеркәсіп саласында бірлескен комитет ашпақ

741

Еліміз ҚХР-ға астықтың жылдық экспортын 1 млн тоннаға дейін жеткізуге ниетті 

Қазақстан мен Қытай агроөнеркәсіп саласында бірлескен комитет ашпақ Фото: Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Комитет ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерін жедел қарауды және екі ел арасындағы сала бойынша ынтымақтастықты тиімді дамытуды көздейді. Бұл туралы ҚХР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ма Юсянмен кездесу барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Қытайға агроөнімдерді экспорттау үшін енгізілетін ветеринариялық шектеулерге, сондай-ақ қазақстандық және қытайлық стандарттар арасындағы айырмашылықтарға байланысты кедергілер бар.

"Бұған дейін ҚХР-ға сапар аясында Ербол Қарашөкеев тиімсіз сауда тәсілдерін қайта қарауды және бүкіл аумақпен экспортты шектемей, эпизоотиялық қауіпсіздік бойынша екі елдің аймақтандырылуын тануға көшуді ұсынды. Атап айтқанда, министр бұл мәселеде СУАР басшылығының қолдауына ие болды", - делінген хабарламада.

АШМ басшысы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы Қазақстанның 5 аймағын (Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, сондай-ақ Жетісу және Абай облыстары) вакциналарды қолдана отырып, қолайлы деп танығанын хабарлады.

Сондай-ақ, тараптар құс еті мен өнімдерін экспорттау жөніндегі талаптарды келісу бойынша жұмысты қайта бастауды талқылады.

Айта кетейік, жыл басынан бері ҚР мен ҚХР арасындағы АӨК өнімінің тауар айналымы бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 58%-ға артып, 265,5 млн долларды құрады.

Сондай-ақ, еліміз ҚХР-ға астықтың жылдық экспортын 1 млн тоннаға дейін жеткізуге ниетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу