Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстері көбейеді

376

Апталық рейстер саны 180-ге дейін артады.

Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстері көбейеді Фото: ҚР Көлік министрлігі Telegram

Қазақстан мен Қытай апталық әуе рейстерінің санын 150-ден 180-ге дейін арттыруға және жаңа бағыттар ашуға келісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келіссөздер 4 қарашада Ташкентте өтіп жатқан "Қытай – Орталық Азия" (C5+1) азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының конференциясы аясында өтті.

Қазақстан делегациясын Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева бастап барды. Қытай тарапынан келіссөздерге Қытай Азаматтық авиация әкімшілігі бас директорының орынбасары Бай Вэньли қатысты.

Кездесуде тараптар екі ел арасындағы тұрақты әуе рейстерінің санын арттыру және ұшу бағыттарының географиясын кеңейту мәселелерін талқылады.

Нәтижесінде апталық рейстер санын 150-ден 180-ге дейін ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар Қытайдың Чэнду және Қашғар қалалары жаңа әуе бағыттары ретінде маршруттық желіге қосылады.

Министрліктің мәліметінше, бұл келісім екі елдің әуе компанияларына жаңа мүмкіндіктер ашып, жолаушылар үшін тікелей рейстердің қолжетімділігін арттыруға және транзиттік тасымалды дамытуға мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу