Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнай саудасы әлі тоқтап тұр

648

"ҚазТрансОйл" құбыры арқылы Ресей мұнайы ғана экспортталуда.

Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнай саудасы әлі тоқтап тұр

16 қаңтар күні  "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясының мұнайын "ҚазТрансОйл" магистралдық құбырына жалғау кезінде сынаманың құрамынан 204 градусқа дейін қайнайтын хлорорганикалық қоспалардың мөлшері шектен тыс екені анықталған болатын. Мұнай сапасынан мін табылғандықтан "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" өнімін қабылдау сол күні дереу тоқтатылып, артынша Қазақстан Қытайға мұнай экспортын доғарған. Қазір "ҚазТрансОйл" құбыры арқылы тек Ресейдің мұнайы тасымалданып жатыр.

Ресейлік "Транснефть" компаниясының басшысы Николай Токарев "Интерфакс" сайтына сұхбат беріп, Ресей мұнайы Қазақстан арқылы еш кедергісіз кетіп жатқанын айтты.

"Бұл тұрғыда проблема жоқ. Мұнай жоспарлы мөлшермен кетіп жатыр", – деді ол сұхбатында.

Әзірге Қазақстан Қытайға бағытталған мұнай экспортын жандандыруға асығар емес. Еске салсақ, отандық мұнай тасымалдаушылардың Қытайға бір жыл ішінде 10 млн тонна мұнай жеткізу туралы міндеттемесі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу