Қазақстан мен Қытай атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі хаттамаға қол қойды

126

Астанада өткен алғашқы отырыс барысында Қазақстан мен Қытай бейбіт атом саласындағы өзара ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын белгіледі. 

Қазақстан мен Қытай атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі хаттамаға қол қойды Фото: gov.kz

Бүгін, 16 маусымда ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік энергетика істері басқармасының басшысы Ван Хунчжидің тең төрағалығымен азаматтық ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, осы бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілділіктерін растады.

Серіктестікті одан әрі тереңдетуге бағытталған үйлестіруді күшейту мен практикалық өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар көрініс тапқан және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықтың алдағы бағыттары айқындалған хаттамаға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу