Кездесуде Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк және контейнерлік тасымалдардың қорытындысы шығарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2025 жылдың сегіз айында тасымалдау көлемі 23,2 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 10% артық. Жыл соңына дейін тараптар тасымалдау көлемін 35 млн тонна деңгейінде орындауды қамтамасыз етуге келісті. Бұл өткен жылғы деңгейден 3,6 млн тоннаға артық.
Қазақстандық өнім экспортын ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Астық тасымалдаушыларда, жабық вагондарда және контейнерлерде астық жүктерін, сондай-ақ флекситанкалардағы контейнерлерде өсімдік майын тасымалдауды кеңейту жөніндегі шаралар тиеудің қажетті шарттарын сақтай отырып келісілді.
Тараптар тасымалдау құжаттарын ресімдеу, түйісу станцияларында ақпарат алмасу, сондай-ақ кедендік рәсімдерді жеделдету кезінде қағазсыз технологияларды енгізу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.
Бұдан басқа, 2025 жылғы желтоқсаннан бастап ҚР мен ҚХР шекаралық станциялары арасында пойыздарды, вагондар мен жүктерді қабылдау-беру үшін ауысым қызметкерлерінің келуін ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл шара тасымалдау процесінің тиімділігін арттыруға және пойыздарды өңдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.