Қазақстан мен Қытай пилотсыз жүк көліктерін іске қосу мүмкіндігін қарастырады

238

Биыл Қазақстан мен Ресей "Астана – Мәскеу" бағыты бойынша пилотсыз жүк көліктерінің пилоттық жүрісін жүзеге асырды.

Қазақстан мен Қытай пилотсыз жүк көліктерін іске қосу мүмкіндігін қарастырады Фото: gov.kz

Астанада өткен NEW SILK WAY халықаралық көлік форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Қытайдың China Transinfo Group компаниясы пилотсыз көлік пен көлік саласын цифрландыру бағытында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжат пилотсыз көлік технологиялары мен цифрлық шешімдерді көлік саласына енгізу бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа негіз қалайды.

Қазақстан халықаралық көлік дәліздерін дамытып, тасымал тиімділігін арттыру және елдің транзиттік әлеуетін толық пайдалану үшін заманауи технологияларды енгізіп келеді.

Биыл Қазақстан мен Ресей "Астана – Мәскеу" бағыты бойынша пилотсыз жүк көліктерінің пилоттық жүрісін жүзеге асырды. Ендігі қадамдардың бірі – Қытаймен бірлесіп, халықаралық көлік дәліздерінің жекелеген учаскелерінде осындай жобаны іске қосу мүмкіндігін қарастыру.

Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық автомобиль қатынасын дамытуға және көлік байланысын нығайтуға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу