Қазақстан мен Қытай шекарасында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды

239

Кедендік рәсімдер жеделдетілген тәртіппен жүргізілуде.

Қазақстан мен Қытай шекарасында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды Фото: Tengrinews.kz

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жағдайдың негізгі себебі – тасымалдаушыларда шекарадан өтуге қажетті шетелдік рұқсат бланкілерінің жетіспеуі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл құжаттар екі елдің көлік ведомстволары арасында бөлініп, шектеулі көлемде беріледі. Қазіргі таңда қазақстандық тарап Қытаймен қосымша рұқсат партиясын алу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

Ведомствоның хабарлауынша, мәселені уақытша жеңілдету үшін қытайлық тарап қабылдайтын көліктердің саны арттырылған, ал кедендік рәсімдер жеделдетілген тәртіппен жүргізілуде.

"Тасымалдаушылардың шығынын азайту мақсатында "ИОО" АҚ-мен бірлесіп cargoruqsat.kz электрондық кезегіндегі белсенді бронь мерзімі 72 сағатқа ұзартылды. Бұл төленген жарналарды сақтауға және рұқсат беру қайта басталғаннан кейін қозғалысты жеңілдетуге мүмкіндік береді", – делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.

Сонымен қатар, комитет жүргізушілерге бланкілердің жаңа партиясы келгенге дейін шекараға барудан уақытша бас тартуды сұрап, жағдайдың толық бақылауда екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу