Қазақстан мен Қытай теміржолда өзара ауысым жүйесін енгізеді

107

Бұл шешім "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен Қытай темір жолдары арасындағы бірлескен комиссия отырысының қорытындысында қабылданды.

Қазақстан мен Қытай теміржолда өзара ауысым жүйесін енгізеді Фото: ҚТЖ

Қазақстан мен Қытай шекаралық өткелдердің тиімділігін арттыру және жүк тасымалының үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында шекара маңындағы теміржол станцияларының ауысымдық қызметкерлерін өзара аумаққа кіргізу тәртібі жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚТЖ" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

"ҚТЖ" ҰК" АҚ Достық және Алтынкөл станцияларында қытайлық қызметкерлерге арналған ғимараттарды жөндеп, қауіпсіз әрі жайлы еңбек етуге жағдай жасаған.

Келісім шекарадағы әкімшілік рәсімдерді жеңілдетіп, құжат айналымын жеделдетуге және станциялардың өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Ауысымдық қызметкерлердің көршілес елдер аумағына шығуы 2025 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу