Қазақстан мен Қытай транзиттік дәліздерді дамытуға басымдық бермек

95

Бейжіңде Қазақстан-Қытай теміржол көлігі жөніндегі кіші комитеттің 16-шы отырысы өтті. 

Қазақстан мен Қытай транзиттік дәліздерді дамытуға басымдық бермек Фото: Көлік министрлігі

Отырысқа Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов және Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік теміржол басқармасы басшысының орынбасары У Дэджин тең төрағалық етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отырыс барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалдарының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ транзиттік әлеуетті арттыру мәселелері қаралды.

Тасымал көлемінің өсуінің оң серпіні және теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар атап өтілді.

Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытының стратегиялық маңызын атап өтіп, оны одан әрі дамытуға мүдделілігін растады, оның ішінде Ақтау және Құрық порттарының инфрақұрылымын жаңғырту, 2029 жылға қарай контейнерлік транзит көлемін 3000 пойызға дейін жеткізу көзделуде.

Отырыс қорытындысы бойынша транзитті дамыту және тасымал көлемін ұлғайту жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаны әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді. Бағдарлама шекаралық және порттық инфрақұрылымды үйлесімді дамыту, көлік-логистикалық хабтарды қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ теміржол машина жасау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді. Сонымен қатар, тараптар цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастыруға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу