Қазақстан мен Қытай жүк пойыздарының санын арттыруға келісті

997

Қазақстан мен Қытай Достық пен Қорғаста жүк пойыздарының санын арттыруға уағдаласты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстан мен Қытай жүк пойыздарының санын арттыруға келісті

Қос елдің мемлеттік органдары бейнеконференция режимінде COVID-19-ға байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттерінің қалай жұмыс істейтініне қатысты келіссөздер жүргізді.

"Нәтижесінде қос тарап Достық-Алашаңқай мен Алтынкөл-Қорғас теміржол өткізу пункттерінде қабылданатын жүк құрамдарының санын тәулігіне 18 пойыз және 10 пойызға дейін ұлғайтуға келісті", – деп жазылған "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жоспарлау жөніндегі атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов Достық станциясында кеңтабанды вагондардан тар табанды вагондарға жүкті қайта тиеуді ұйымдастыру жөнінде бастама көтерді. 

"Бұл технологиялық схема ҚХР теміржол әкімшілігімен келісілген",– деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар аталған технология жүк ағынын арттыруға және уақыт үнемдеуде мүкіндік береді. 

"Қазақстандағы темір жол табанының ені 1520 мм, Қытайдағы жолтабанның ені 1435 мм. Бұл тарихи қалыптасқан жайт. Жолтабан енінің айырмашылығы шекара маңындағы станцияларда вагондарды бір жолтабаннан екіншісіне қайта тиеу қажеттілігін туғызды. Біз тар табанды вагондардан Қытай жағындағы кең табанды вагондарға, ал Қазақстан жағындағы тар табанды вагондарға қайта тиеуді жүзеге асыруды ұсынамыз",– деді Нұржан Келбұғанов.

Сонымен қатар Қытайға вагондардың доңғалақ жұбын тар жолға ауыстырып беру ұсынылды. Мұндай тәжірибе 2012-2013 жылдары Достық станциясында жүзеге асырылыпты. Нәтижесінде 2,7 млн тоннадан аса кен тасымалданған.

"Бүгінде Достық станциясы бойынша 30 ашық вагон тәжірибе жүзінде тар жолға қойылды. Бұл вагондар ШҰАА Үкіметінің бақылаушы органдары тарапынан тыйым салуға байланысты Үрімші темір жолымен қабылданбай тұрып қалды", – деді атқарушы директор.
Кездесу барысында аталған мәселе зерделенетін болды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу