Қазақстан мен Қытайдың қаржыны реттеу мен банк саласындағы байланысы нығайып келеді

437

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан мен Қытайдың қаржыны реттеу мен банк саласындағы байланысы нығайып келеді Фото: Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерінен құралған делегация Қытай Халық Банкінің, ҚХР қаржылық реттеу органының, жетекші банктердің, Қытай банктер қауымдастығының және CIPS компаниясының басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сапар қорытындысы бойынша:

  • Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қытай Халық банкі үш жылға валюта свопы туралы келісімге қол қойды;
  • цифрлық теңге мен цифрлық юань арқылы есеп айырысудың пилоттық жобасын іске қосу туралы келісім жасалды;
  • жыл соңына дейін Қазақстан мен Қытай арасында QR-төлемдерді интеграциялау жоспарланды;
  • трансшекаралық төлем инфрақұрылымын дамыту және ұлттық валюталармен есеп айырысу аясы одан әрі кеңейеді;
  • халықаралық төлемдер, банкті реттеу және инвестиция тарту салаларындағы ынтымақтастық аясы кеңейеді;
  • Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы мен Қытай банктер қауымдастығы арасында өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қою жөнінде келісім жасалды.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу