Қазақстан мен Лаос бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қойды

256

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.    

Қазақстан мен Лаос бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қойды Фото: akorda.kz

Қазақстан мен Лаос мемлекет басшыларының қатысуымен екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған төрт үкіметаралық құжатқа қол қойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшыларының қатысуымен мынадай үкіметаралық құжаттарға қол қойылды:

  1. Қазақстан Республикасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы cыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;
  2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Жоғарғы халық прокуратурасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Ғылым және технологиялар министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электрондық мемлекеттік қызметтер саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;
  4. Астана мен Вьентьян қалалары арасында бауырластық байланыстар орнату туралы меморандум.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу