Қазақстан мен Литва азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетпек

273

Хаттама екі елдің әрқайсысының аумағындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауға бағытталған. 

Қазақстан мен Литва азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетпек Фото: freepik

Мәжіліс "1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Хаттама құқықтық көмек көрсету кезінде қатынастарды жүзеге асыратын Тараптардың құзыретті мекемелерін айқындау жөніндегі өкілеттіктерді ұлттық деңгейге беру бөлігінде Шарттың 4-бабын өзгертуді көздейді. Хаттама "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Заңының 27-бабының 4-тармағына сәйкес ратификациялауға жатады. Құжатты ратификациялау Қазақстан мен Литва азаматтарының құқықтарын қорғауға бағытталған азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады", - деп түсіндірді Әділет министрі Азамат Есқараев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу