Қазақстан мен Литва халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ

350

Қазақстан мен Литва өкілдері халықаралық автомобиль тасымалдарын дамыту және рұқсат құжаттарын цифрландыру мәселелері бойынша кездесу өткізді.  

Қазақстан мен Литва халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ Фото: ҚР Көлік министрлігі telegram

2026 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасы мен Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар көлік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға арналған рұқсат қағаздарының үлгілерін қолдану және оларды электрондық форматқа көшіру перспективалары сөз болды.

Литва тарапы рұқсат құжаттарын цифрландыруға қызығушылық танытып, осы бағыттағы бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін білдірді. Алдағы уақытта тараптар аталған мәселе бойынша өзара іс-қимылды күшейтуді жоспарлап отыр.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Литва халықаралық тасымалдар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тасымалдаушылар үшін процестерді жеңілдетуге бағытталған заманауи цифрлық шешімдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу