Қазақстан мен Литва көлік тасымалын жеңілдету мәселесін талқылады

284

Тараптар рұқсат құжаттарын цифрландыруға назар аударды.

Қазақстан мен Литва көлік тасымалын жеңілдету мәселесін талқылады Фото: ҚР Көлік министрлігі Telegram

Қазақстан мен Литва халықаралық автомобиль тасымалдарын дамыту және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде өткен литвалық іскерлік қоғамдастық өкілдерімен кездесуде айтылды.

Кездесуде рұқсат құжаттарын цифрландыру, халықаралық автомобиль тасымалдарына қолайлы жағдай жасау және Транскаспий халықаралық көлік бағытын, яғни Орта дәлізді дамыту мәселелері қаралды.

Тараптар халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру тәртібін жетілдіру, цифрлық шешімдерді енгізу және кедендік әкімшілендірудегі әкімшілік кедергілерді азайту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан мен Литва арасындағы көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселесіне назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар талқыланған бағыттар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті. Қатысушылар автомобиль көлігі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүдделі екенін білдірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу